«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білгірлер мен тапқырлар сайысы. Тақырыбы: «Ана тілім - ардақтым»

24.02.2017

Білгірлер

мен тапқырлар сайысы.

Тақырыбы:  «Ана тілім 

- ардақтым»

 

Мақсаты: оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау

қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету, сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттарда жазылған қанатты сөздер, презентация, таратпалы парақта жазылған тапсырмалар, әділқазыларға арналған

жауап кілттер

1-жүргізуші.: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күнін 22 қыркүйек күні тойлаймыз. Президенттің келісімі бойынша бүкіл Қазақстан елінің тіл күні – 1998 жылдың ақпан айының Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жарияланған. Қазақстан елі – Қазақстанды экономикалық күшті, еркін республика ретінде, әр адамның жарқын

өмір сүруіне мүмкіндік береді.  Қазақстан – бұл көп ұлтты, әр тілде сөйлейтін ел.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

 «Күш білімде», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп

өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан бүгін мемлекеттік тілді қаншалықты түсініп, сөйлей алатынымызды дәлелдеу үшін білімділер  сайысын назарларыңызға ұсынбақпыз.

1-жүргізуші.: Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! Әрбір кезеңнен кейін

қорытындысы, ұпай санын айтып отырасыздар.

1-жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, қазір енді өздеріңізді қысқаша таныстырып өтсеңіздер.

Сәлемдесу рәсімі:

- Егемен елдің ұлымыз

Ертеңгі күннің нұрымыз.

Отанын сүйген азамат

Таланттылардың біріміз.

Тобымыздың аты «Ұлан»

– «Зерде» тобы:

Ау, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Сәлем жолдап баршаңызға,

Кеп тұр бүгін ортаңызға

«Зерде» атты тобымызда.

Бірінші бөлім «Маржан сөз» деп аталады, мұнда берілген түбір сөзден 1 минут уақыттың ішінде түбірлес сөздер ойлап табасыздар. Неғұрлым көбірек жаңа сөздер  ойлап тапсаңыздар сонша ұпай қосылады. Алдарыңыздағы параққа жауаптарыңызды жазып тапсырыңыздар.

Берілетін сөздер үш командаға да бірдей: күн ( күнделік, күнпарақ, күнқағар – панама, күндес), оқу ( оқушы, оқулық, оқытушы, оқыт), дәрі (дәрігер, дәрілік, дәріхана).

2-жүргізуші.: 2-нші

бөлімнің аты «Мың бір мақал». Бұл бөлімде мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын, ал сіздер 1 минуттың ішінде оны жалғастырасыздар.

Әрбір дұрыс айтылған бір мақал үшін 3 ұпай беріледі.

1. Адамдықтан үлкен ат жоқ, (Наннан үлкен ас жоқ).

2. Жасық адам жасына жетпей қартаяр, (Асыл адам жасына жетпей марқаяр).

3. Атаңның баласы болма, (Адамның баласы бол).

1. Отан – елдің анасы ( Ел – ердің анасы)

2. Отансыз адам – ( Ормансыз бұлбұл).

3. Ел-елдің бәрі жақсы, ( Өз елің бәрінен де жақсы).

1. Ағаш тамырымен, ( Адам досымен мықты).

2. Досың дос болғанға шаттан, (Дұшпанмен дос болудан сақтан).

3. Күлме досыңа, (келер басыңа).

1-жүргізуші.: 3-інші бөлімнің аты «Ақ сандық, көк сандық». Мұнда жеребе тарту арқылы әр түрлі түстермен берілген белгілі бір пәнге негізделген сұрақтарға жауап бересіздер. 5 сұрақ беріледі. 5 минуттың ішінде командаларыңызбен талқылап, дұрыс жауабын

айтасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.

 

География бойынша сұрақтар:                      (сары түсті)

 1.  Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?  ( Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан)

 2.

Қазақстанның көлдерін атаңыз   ( Балқаш, Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сабындыкөл, Теңіз,   

3.  Қазақстанның өзендерін атаңыз  ( Іле,  Орал, Ертіс, Шу, Лепсі, Ақсу, Көксу, Сырдария, Амудария, Қаратал, Нұра, Есіл )

4.  «Қазақтың Швейцариясы» деп қай жерді атайды? (Көкшетау, Бурабай)

5.         Республикамызда неше облыс бар? (14)

Тарих бойынша сұрақтар:  (жасыл түсті )

1.    Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған?   ( киіз үй)

2.    16 желтоқсан қандай мереке?

(Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні).

3.    Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?   ( 1992ж.)

4.    Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституция қай жылы қабылданды?  (30 тамыз 1995 жыл )

5    Шығыс қыздарынан Батыр атағын кім алды? ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)                           

 Қазақ тілінен сұрақтар: (қызыл түсті)

1. Меншіктік мағынаны білдіретін жалғауды атаңыз. (Тәуелдік жалғау)

2. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді атаңыз  ( мұғалім, кітап, дәріхана, т.б.)        

3.  Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Атаңыздар. (4, көптік, септік, жіктік, тәуелдік)

4. Ыбырай Алтынсарин кім?  (педагог-ағартушы, ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы)

5. «Қолөнер» сөзінің аудармасын тап ( ремесло, рукоделие)

 2-жүргізуші.:

2-тур - «Бәйге» деп аталады. Команданың капитандарына тапсырма. Бұл турда кім 1 минут ішінде 7 сұраққа дұрыс

және тез жауап берсе – жеңіс сонікі. Дұрыс жауап үшін – 2  ұпай.

1-жүргізуші:

1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?  (Бердібек Соқпақбаев)

2. 22 – қыркүйек қадай мереке? (ҚР халықтарының Тілдер күні)

     3. Аптаның үшінші күні қалай аталады?

     4. Жұмадан кейін қай күн? (сенбі)

     5. Қазақ тілінде неше септік бар?

     6. Конституция күні қай күні тойланады?

1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

3. Қазақтың алғашқы ғарышкері, сынақшы-ұшқыш, авиация генерал-майоры? (1991 ж. Тоқтар Әубәкіров)

       4. Алғаш    мектеп    ашқан    ұлы    ағартушы?  (Ы.Алтынсарин)

     5. Аптаың төртінші күні қалай аталады? (бейсенбі)

       6. 16- желтоқсан қандай мереке?  (ҚР тәуелсіздігі күні)

       7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы ? (Ы.Алтынсарин)

1-жүргізуші.:

1. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

2. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

3. Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)

4. 22 – наурыз қандай мереке? ( Шығыс халықтарының Жаңа жылы)

5. Аптаның бірінші күні қалай аталады? (дүйсенбі)

        6.

«Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)

7. Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, тамақ)

2-жүргізуші.: 3- тур «Үй

тапсырмасы». Әр команда өзінің үйден жаттап келген өлеңін ортаға салады.

Мұнда мәнерлеп нақышына келтіріп жатқа оқу сыналады. Ең жоғарғы ұпай – 3 ұпай.

1-жүргізуші.: Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші.: Осымен тілдер күніне арналған «Білгірлер

мен тапқырлар» сайысы аяқталды. Назарларыңызға рақмет!

 

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст