«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданы білім беру жүйесінде  келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Державин қаласының  Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Державин қаласының  Надежда Крупская атындағы №1  мектеп-гимназиясы»  КММ», «Державин қаласының  Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Бірсуат  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Құмсуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ,«Пригородное ауылының Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ,«Зерноград ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Львов ауылының бастауыш мектебі» КММ, «Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» КММ, «Шөйындыкөл ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Тассуат ауылының бастауыш мектебі» КММ», «Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Державин қаласының  кешкі мектебі» КММ,«Державин қаласының  балалар музыка мектебі» МКҚК, «Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК, «Державин қаласының«Шаңырақ» бөбекжайы»МКҚК, «Державин қаласы «Солнышко» балабақшасы» МЖӘ, «Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайы»МКҚК.

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММмемлекеттік қызметтің отыз түрін көрсетеді:

 1.«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»

 2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

3. «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»

4. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»

5. «Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру»

6. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»

7. «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»

8. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

9. «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

10. «Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу»

11. «Балаларды"1" сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»

12.. «Балаларды"10" сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»

13. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

14. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»

15. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

16. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

17. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»

18. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

19«Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»

20. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

21. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»

22. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»

23. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

24. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»

25. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері»

26. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

27. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

28. «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»

29. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау»

30. «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау»

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.

2025 жылы ауданда мемлекеттік қызметтің 23 түрі бойынша 2785 қызметі көрсетілді, олардың ішінде,"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-5, ЭҮП арқылы –665,қағаз түрінде–1556, байланыссыз АЖарқылы-343, АЖ байланыс арқылы-216.      

 

2025 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» –234, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 216, «Балаларды"1" сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»-203, «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»- 266, «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»-845.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

          Сондай-ақ, Жарқайың ауданының "білім бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері және оларды көрсету тәртібіне қатысты қағидалары бар стенд ресімделді.

2025 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар білім беру саласындағы жоспарына сәйкес білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар instagram әлеуметтік желісі арқылы 233 жарияланымдар жариялады, instagram желісі арқылы 58 тікелей эфирлер, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар-5.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызметкөрсету сапасын арттыру мақсатында ауданның барлық мектепке дейінгі,орта білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмысістейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

    Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМММ АЖО жүйесі жұмыс істейді,онда 27ден астам мемлекеттік қызметтер қолжетімді.

Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі саласында 80 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2025 жылы 37қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сертификаттары бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді.Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы,олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 1 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзушылық анықталды, ескертулер туралы бұйрығы бар. 2025 жылы негізделген бас тартулар 37, оның ішінде 35 электронды түрде 2 қағаз түрінде, 2025 жылы негізсіз бас тартулар анықталған жоқ.

2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

        Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2026 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст