Шымкент қаласында 2026 жылғы 9–13 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10–11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер құқық негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Іс-шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін және практикалық дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды.
Ақмола облысынан олимпиадаға 12 оқушы қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 10-сынып оқушысы Хайришева Гаухар Республикалық кезеңде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі — Жалилова Надежда Владимировна, педагог-зерттеуші.