Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданы білім беру жүйесінде келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Державин қаласының Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Бірсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Құмсуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Пригородное ауылының Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Зерноград ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Львов ауылының бастауыш мектебі» КММ, «Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Шөйындыкөл ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Тассуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Державин қаласының кешкі мектебі» КММ, «Державин қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК, «Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК, «Державин қаласының«Шаңырақ» бөбекжайы» МКҚК, «Державин қаласы «Солнышко» балабақшасы» МЖӘ, «Державин қаласының«Балдырған» бөбекжайы» МКҚК.
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің жиырма екі түрін көрсетеді:
1.« Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
3. «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»
4. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
5. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»
6. «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»
7. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
8. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
9. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»
10. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
11. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
12. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
13. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
14. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
15. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»
16. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»
17. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
18. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
19. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
20. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
21. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
22. «Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.
2023 жылы ауданда мемлекеттік қызметтің 16 түрі бойынша 1636 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы- 65, ЭҮП – 499, меморган арқылы – 496, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді АЖ қолмен енгізу арқылы- 576.
2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 279, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»- 294, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- 310, «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»- 185, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 166, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» -223.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Сондай-ақ, Жарқайың ауданының "білім бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері және оларды көрсету тәртібіне қатысты қағидалары бар стенд ресімделді.
2023 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар білім беру саласындағы жоспарына сәйкес білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар instagram әлеуметтік желісі арқылы 33 мақала жариялады, instagram желісі арқылы 7 тікелей эфир, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар-1.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ауданның барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі саласында 61 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2023 жылы 7 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сертификаттары бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс- шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2024 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.