24.02.2026
«Тасты –Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – нде аудандық деңгейде «Ашық сабақ аясындағы аттестация: тәжірибе алмасу және кәсіби даму» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің аттестация кезеңіндегі тәжірибесін көрсету, кәсіби шеберлікті арттыру және өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Семинар барысында аттестациядан өтетін мұғалімдер: Хамзина Ф.С, Громина Н.И, Украинец Т.И, Карначева Е.Н, Кызыров А.М, Аяпбергенова А.А. ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді, оқушыға бағытталған оқыту технологияларын, тиімді кері байланыс түрлерін көрсетті. Сабақтар мазмұндық тереңдігімен, жүйелілігімен және білім алушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Мектеп психологі Конкулова Қ.Р. «Ғажайып айнаның қонақтары» атты шебер -сынып ұйымдастырып, 5-10 жас аралығындағы оқушылармен ақылды айна құрылғысы арқылы балалардың тілдік және танымдық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстарын көрсетті. Коучингке қатысушылардың қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, «Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Байдилдина А.М. «Тәлімгерлік – кәсіптік қалыптасу мен дамудың негізі» тақырыбында коучинг өткізіп, жас мамандарды қолдау, тәжірибе алмасу, кәсіби бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды. Тәлімгерлік институтының маңыздылығы мен оның педагогтің кәсіби өсуіндегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Аталған семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасудың тиімділігін көрсетті.