«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған тілім – халықтың рухани байлығы.

24.02.2017

Сабақтың

тақырыбы:  Туған тілім – халықтың рухани

байлығы.

Мақсаты:  

Білімділік:  Пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған    білімдерін тексеру, пысықтау; 

Дамытушылық:  Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын

молайту; шығармашылық қиялын жүйелеу,ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа

үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу

Түрі:  Сайыс

сабақ

Әдісі: Екі топ

арасындағы сайыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

тарих, математика

Көрнекілігі:  слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Сайыс сабақ

          Шарты:

Мұғалім сөзі:

Қазіргі ең таза,

ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол

да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз

керек.

Тіл – әрбір

ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы

ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз

сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. 

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы

өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп

келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы

11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»

Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып

– Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің

қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту

үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында

қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.    Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

                                                                     

 

1. Мақал-мәтелдер

сайысы: 

1 топ

1. Тіл тас

жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ). 

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 

9. Бас кеспек болса да,

... (тіл кеспек жоқ). 

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 

2-топ –

1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 

3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 

5. Тіл қылыштан ... (өткір). 

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде). 

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 

9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

 

2. Викториналық сұрақтар: Тапқыр болсаң, тауып көр

1-топқа: 

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 

3. Шоқанның әжесі аты кім? (Айғаным). 

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 

5. «Қазақ

хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 

6. Күй атасы кім?

(Құрманғазы). 

7. «Орфография» қай

елдің сөзі? (грек). 

8. Қазақ тілі қай

тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 


2-топқа: 

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 

2. Абайдың туған жылы? (1845). 

3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 

4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 

5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 

6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 

7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай Алтынсарин). 

8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 


«Тіл бәйгесі»

1.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды теріп жаз.

2.Берілген сөздерден,

Тапқырлар тобы Кім? сұрағына

Алғырлар тобы Не? сұрағына  жауап

беретін сөздерді теріп жазыңдар. Айжан, бұлт, трактор, егінші, дәрігер, тырма,

бағбан, омарташы, шахмат, дәптер.

3.Берілген сөздерден

Тапқырлар тобы жіңішке айтылатын сөздерді 

Алғырлар тобы жуан айтылатын сөздерді теріп жазыңдар.

 

Оқушы, дәптер, ұшқыш, бала, машина, 

әнші, гүл,  орын,  білеміз, 

көкек.

 

 

Біліміңді мықта». Тест  (Дүниетану)

 

1. Жемісті белгіле

а)алмұрт         ә)картоп         б)қияр

2.Марғау ненің баласы?

а)қасқырдың      ә)мысықтың       б)түлкінің

3.Тірі табиғатқа не жатады?

а)жануар           ә)су                    б)тас

4.Адам қолымен жасалған затты белгіле

а)күн            

ә)үй               б)тау

5. Жабайы аңды ата

а)жылқы        

ә)қой            б)арыстан

6. Күзде ұшып кететін құс

а)қарға        

ә)торғай          б)қарлығаш

7.Қыста қай аң тонын ауыстырады?

а)қасқыр      

ә)қоян           б)аю

8. Қай құс балапандарына қамқорлық жасамайды?

а)көкек          

ә)қарлығаш      б)қарға

9. Ақыл-ойдың иесін белгіле

а)адам       

ә)маймыл           б)ит

10. Біздің мектеп кімнің атында

а)Ы.Алтынсарин     

ә) Н. Гастелло                    

б)Ә.Найманбай

 

 

Тест тапсырмасының жауабы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

ә

а

ә

б

б

ә

а

а

ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст