Текст
2017 жылғы 17 наурызда Н.Крупская атындағы орта мектебінің акт залында мектеп оқушыларының арасында «Әз-Наурыз» атты ақындар айтысы өтті. Байқауға 10 мектеп қатысты. 1-орынды Уәлихан орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ұлпан Қалдыбаева, 2-орынды Гастелло орта мектебінің 7- сынып оқушысы Қуандық Құрманғажы, 3-орынды А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Балдаурен Жауыншина және Өмірлік негізгі мектебінің 6- сынып оқушысы Жақсылық Жасұлан иеленді.