«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог - 2017»

16.05.2017

«Үздік педагог - 2017»

 

Мәңгілікке жанасу...

         Жұма күні, 5 мамырда аудандық білім бөлімінің акт залында жыл сайынғы «Үздік педагог-2017»

байқауы өтті. Байқау ұйымдастырушылары, білім бөлімінің әдістемелік орталық меңгерушісі К.М.Мәжитова айтуынша бүгінде «барлығын шешетін кадрлар» сөз орамы, әсіресе білім жүйесінде еш өзектілігін жойған жоқ. Мұғалім тұлғасы, оның жұмыс

істеуге құштарлығы – басым әрі қызықты. «Жыл мұғалімі» байқауын өткізу бүгінде дәстүрге

айналды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатысуға өтініш білдірген аудан педагогтары

шын мәнінде ойлампаз әрі қызықты болды. Әр мектептен  барлығы 11 өтінім келіп түсті. Байқау 3

кезеңде өтті – «Өзін өзі таныстыру», «Шығармашылық шеберхана» және «Шебер

сынып». Іс-шара мерекелік жағдайда өтіп, шеберлік пен бәсекелестіктің рухы

орнады. Сонымен қатар, әр қатысушы мұғалім қызметінің мәнін көрсетуге және

мейірімділікті, рухтандырушылықты, кәсіпке деген сүйіспеншілікті де ұмытпай,  жұмыстарын ашуға тырысты. Қатысушылар өз жұмыстарын баланың ішкі әлемінің әсері арқылы қарастырды. Әр қатысушының орындауынан кейін байқауға қатысушылар мәңгілікке жанаса алды ...

         Байқау қатысушыларының алдында бұл өз күшімді сынап көруге тұрарлықтай ма деген міндет тұрды. Ия, тұрарлықтай! Бұл тек жойқын тәжірибе ғана емес, сонымен қатар алынған баға

жетпес білім, тамаша мұғалімдермен және олардың педагогикалық тәсілдерімен

тілдесу,  өз күшін тексеру болды.

         Конкурсанттарымыздың өзіндік ерекшелігі және сонымен қатар әрине құзыреттілігі мен кәсібилігі де

болды

Байқауды төмендегі құрамда әділқазылар алқасы бағалады:

1. Жанат Тасболатұлы Мыңбаев – «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2. Лидия Ивановна Джакаева– білім қызметкерлері аудандық кәсіподағының төрағасы;

3. Күләш Мұқташқызы Мәжитова– білім бөлімінің «Әдістемелік орталығы» КММ меңгерушісі;

4. Валентина Николаевна Потатуева–Крупская ат. ОМ тарихы пәні мұғалімі;

5. Сергей Александрович Скобцов– білім бөлімінің «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері.

 

Ешкім марапатсыз қалмады. Номинанттар мен жеңімпаздар да болды. Олар:

1.   «Шебер мұғалім» - Шынар Есенгелдіқызы Мусина, Тассуат НМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 

2.   «Жаңашыл мұғалім» - Жадыра Болатбекқызы Мурзабекова,  Өмірлік НМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі .

3.   «Зерттеуші мұғалім» - Айжарқын Алмиязқызы Амирбек, Үкібаев ат. ОМ физика пәні мұғалімі

4.   «Ойшыл мұғалім» - Ольга Михайловна Сидоренко, Пятигор ОМ химия пәні мұғалімі.

5.    «Білікті мұғалім» - Данагуль Манарбекқызы Нұрмағанбетова, Гастелло ОМ тарих пәні мұғалімі.

6.    «Шығармашыл мұғалім» - Жанар Серікбекқызы Аужанова, Кен НМ бастауыш сынып мұғалімі.  

Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:

1-орын Абай ат. ОМ география пәні мұғалімі Елена Николаевна Небольсинаға берілді.

 2-орынды Н.Крупская ат. ОМ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Злиха Жанаділқызы Өмірзақова

алды.

 3-орынды Нахимов НМ физика пәні мұғалімі Айдана Ғалиқызы Нарбутина алды.

         Әділқазылар алқасының бірауыздан қабылданған шешімімен Тасөткел НМ математика пәні мұғалімі

Жүнісова Күләш Қапанқызы Гран-при иегері атанды.

Білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Лидия Ивановна Джакаева кәсіподақ атынан қатысушыларға грамоталар мен ақшалай сыйлықтар және гүл табыстады.

Байқау қатысушыларына арнап балалар музыка мектебінің оқушылары концерттік нөмірлерін көрсетті.

Күләш Қапанқызына 18-19 мамырда Көкшетау қаласында өтетін облыстық «Үздік педагог -

2017» байқауында табыс тілейміз.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст