Текст
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Болашақтарың жарқын , аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар!
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз,еліміз тыныш,деніміз сау,басымыз аман,жұмысымыз жемісті болсын!