«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданы білім беру жүйесінде  келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Крупская  атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Островский  атындағы орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Октябрьдің 50 жылдығы  атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Фурманов орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Гастелло  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Ростов  негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тасты-Талды  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Өмірлік  орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Отрадный  орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Пятигор  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Уәлиханов  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Кен негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Зерноград жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Нахимов  жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Львов жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Қарасу жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Шөйындыкөл жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тассуат жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тасөткел жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Жарқайың балалар музыка мектебі» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Жарқайың балалар шығармашылық үйі» МКҚК, ММ Жарқайың ауданы білім бөлімінің кешкі (аусымдық) жалпы білім беретін негізгі мектебі»,  МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Шаңырақ» бөбекжай- балабақшасы МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Солнышко» балабақшасы МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Колосок» Санаторлық-бөбекжай балабақшасы МКҚК,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Балдырған» бөбекжай- балабақшасы МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Тасты-Талды ауылы «Айгөлек» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Тасөткел  ауылдық округінің «Бөбек» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Костычев  ауылдық округінің «Айгөлек» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Гастелло ауылдық округінің «Балдаурен» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Пригородный  ауылдық округінің «Балапан» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Уәлиханов  ауылдық округінің «Балауса» бөбекжай- балабақшасы» МКҚК.

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің жиырма төрт түрін көрсетеді:

 1.«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»        

 2.«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға   (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

 3.«Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»

 4. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»

 5. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»

 6. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»

 7.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

 8.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

 9.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

10.«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

11.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

12. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»

13. «Аз қамтылған отбасылардағы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

14.«Негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»

15.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды аудару немесе алмасу үшін құжаттарды қабылдау»

16. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

17. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды)   және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»

18. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

19. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»

20. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»

21. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

22. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

23. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

24. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

       Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің жиырма төрт түрін көрсетеді: оның бес мемлекеттік қызметі Мемлекеттік корпорация арқылы, қалған он тоғыз мемлекеттік қызмет «электронды үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.

           2019 жылы ауданда мемлекеттік қызметтің 17 түрі бойынша 2107 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы-240, ЭҮП –782,  және меморган арқылы -1085.

                  2019 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 320, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»-352, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»-387, «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»-185, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» -417, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»-125, «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» -24.

          Ауданда мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, қала және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» газетінде жарияланады, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады. 

    Жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру жоспары бойынша Жарқайың ауданында 2019 жылы аудандық «Целинное знамя» газетімен және «Жарқайың тынысы» газетінде  22 мақала жарияланды, сонымен қатар, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады. 

   Сондай-ақ Жарқайың ауданының «Білім бөлімінде» ММ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ»  Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жарқайың аудандық бөлімімен, Жарқайың ауданының «Білім бөлімінің» қатысуымен 2019 жылда  4 дөнгелек үстелдер откізілді:

1. 05.04.2019 ж.,бірінші хаттаманың тақырыбы:

       - «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

       -  «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды)   және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»

        2. 26.04.2019ж., екінші хаттаманың тақырыбы:

       - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

  

  - «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»  

        3. 02.07.2019 ж.,үшінші хаттаманың тақырыбы:

          - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

         - «Аз қамтылған отбасылардағы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

       4. 08.11.2019 ж.,төртінші хаттаманың тақырыбы:

         - «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»

         - «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

         - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

           2019 жылдың 30 қыркүйек айынан бастап Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» Мемлекеттік     мекемесі- бұйрық негізінде № 269 нөмірімен жолданған,ММ Ақмола облысы Білім Басқармасының

басшысы Т. Жунусовтың аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен Ақмола облысының мемлекеттік қызмет "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі балаларға жолдама беру»  қызметтерін   электрондық түрде, жаңа "Автоматты түрде бағдарлама арқылы қамтамасыз ету жайында негізделген. Жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өз жұмысын Akmola.kz. парақшасы арқылы жүзеге асырады. Жаңа жүйенің басты жаңалығы мен артықшылығы, ата-аналар өздерінің  ЭЦҚ кілті арқылы кіріп, балаларының кезегін, өздері қадағалап, сондай-ақ, бағдарламада Жарқайың ауданының балабақшалары бойынша баланың жас санатына қатысты ,бос воканттық орындар енгізілген. Өтініш берушілердің басты мақсаты-міндетті түрде осы жүйеге кіріп, баласының балабақшадағы кезегін, өз бетінше реттеуге және қадағалауға мүмкіншілігі бар. Осы бағдарламадан қызметті (жолдаманы) алғаннан кейін өтініш беруші жолдамада көрсетілген мектепке дейінгі мекемеге жүгініп, балабақша меңгерушісі немесе мектеп директоры(егер бұл шағын орталық болса) осы қосымшаға орындаушы ретінде кіріп, егер өтініш берушіде көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес барлық құжаттар пакеті бар болса, өзінің ЭЦҚ кілтімен қол қою арқылы жолдаманы электронды түрде растайды, сондай-ақ, ата-аналар Akmola.kz бағдарламасынан қызметті (жолдаманы) алғаннан кейін мектепке дейінгі мекемеге жолдаманы алған күннен бастап 5 жұмыс күн  ішінде келуі қажет.

            2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

        Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2020 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

Білім бөлімінің басшысы                                                                        Б.Жанабергенов

Жаңартылған күні: 06.04.2019 17:00
Құрылған күні: 26.02.2020 16:16

Текст