01.04.2023
2023 жылдың 24 наурызында Көкшетау қаласында психологтардың, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың «21 ғасырдағы жеке тұлғаның психологиялық денсаулығын ғылыми тұрғыдан түсінудің заманауи векторлары» атты I аймақтық форумы өтті. Форумды ұйымдастырушылар ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» ҰАО және Ақмола облысының ББ. Форум бірнеше секцияда өтті, онда қатысушылар келесі тақырыптарды қарастырып, талқылады:
- Ғылыми тәжірибенің қазіргі мәселелері және оларды педагог-психолог жұмысында қолдану;
- Кибербуллингтің мектеп оқушыларының психологиялық жағдайына әсері;
- Психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік және білім беру ортасының қауіпсіздігі;
- Инклюзивті білім беру ортасын құрудағы инклюзия және проблемалар.