«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізді

21.01.2023
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылғы 21 желтоқсанда онлайн режимде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізді.
Олимпиада орта буын оқушыларының зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдайлар жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Іс-шараға ауданның 11 оқушысы қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы бойынша тапсырмаларды орындады.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1. Марат Айару-Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1. Рахимов Айтуар - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласының Надежда атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы;
Грамота иегерлері:
1. Қауетаева Ұлболсын - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі;
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!!!
Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст