Текст
«Ертөстік» мультфильмі – балаларға арналған сиқырлы оқиға!
Құрметті достар! Бүгін кішкентай көрермендеріміз қазақ фольклорының сиқырлы әлеміне саяхат жасады! Біз балаларға арналған керемет «Ертөстік» мультфильмін көрсеттік. Бұл анимациялық туынды оларды ер жүрек батырмен, оның батылдығымен, мейірімділігімен және таңғажайып оқиғаларымен таныстырды.
Бұл мультфильм тек көңіл көтеріп қана қоймай, балаларды ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікке, дәстүрлерді құрметтеуге және жақсылыққа сенуге баулиды. Кішкентай көрермендер экрандағы оқиғаларды зор қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлермен бірге қуанып, әсерлі эмоцияға бөленді.
Ертегілер бізге армандауды, ғажайыптарға сенуді және қандай жағдай болмасын, алға ұмтылуды үйретсін!