2024 жылғы 10-12 қараша аралығында Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2-7 сынып оқушыларының "Зерде" ХХ Республикалық зерттеу жобалары байқауын өткізді. Облыстық кезеңде Жарқайың ауданынан 4 зерттеу жұмысы, 5 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломымен Серік Таңнұр, Тассуат а. НОМ (жоба жетекшісі Д. М. Мырзағалиева) марапатталды. III дәрежелі дипломдармен Сқақова Ақмаржан, Тасөткел а. НОМ 7 сынып оқушысы (жоба жетекшісі Жүнісова К. К.); Шишкин Руслан, Пятигорское а. НОМ 7 сынып оқушысы (жоба жетекшісі Бугатаева Ж. С.); Тверяков Даниял және Квасова Дана, Н.Крупская атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары (жоба жетекшісі Крестинина М.В.) марапатталды. Барлық оқушылар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!