2020 жылдың 03 желтоқсанында ZOOM платформасы арқылы «Инклюзивтік білім беру шеңберіндегі педагог-психологтың қызметі» тақырыбында әдіскерлер мен Ақмола облысы психологиялық қызметінің әдістемелік бірлестігінің жетекшілері үшін жұмыс кездесуі өтті. АББ әдіскері С.Р.Маржина Жарқайың ауданы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Ю.С .Чеканова қатысты. Кездесу барысында инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологты нормативті-әдістемелік қолдау мәселелері қарастырылды, «Ерте балалық аутизмі бар балалардың білім беру қызметіне әлеуметтік-педагогикалық бейімделуін қалыптастыру» бағдарламасы ұсынылды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау, ЕББ-мен жұмыс жасайтын мұғалімдерге - психологтарға еңбекақы төлеу мәселелері талқыланды.