«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2020 жылдың үздік психологы»

13.11.2020

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 4-11 қараша аралығында IX республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауын қашықтықта  өткізілді. Осындай атаумен өтетін байқау қазірдің өзінде дәстүрлі сипат алып келеді, ол ауданнан басталып, республикалық деңгейде аяқталады. Мұндай іс-шаралар дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандарды анықтауға, олардың әрі қарайғы кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттауға және таратуға мүмкіндік береді.
Биыл Байқаудың қорытынды кезеңі психологтардың әр санаты үшін бір турда өткізіліп, оған облыстық турдың 97 жеңімпазы қатысты. Қатысушылар Байқаудың әр кезеңіне бейне қойылымдар жіберді. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады. Қазылар алқасының шешімімен 1-дәрежелі диплом - Манатов Аслан Айтжанұлы, Жарқайың ауданы, Гастелло орта мектебінің педагог-психологы марапатталды. Біз әріптесімізді республикалық деңгейдегі лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі кәсіби жетістіктер, денсаулық пен амандық тілейміз.
 

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст