Текст
7 қазанда «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында Крупская атындағы орта мектебінің оқушыларын тасымалдауды жүзеге асыратын мектеп автобусына комиссиялық тексеру жүргізілді. Комиссияның құрамына ата-аналар комитетінің төрағасы М.В.Васьянова, «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі А.Г.Нурбеков, аға мемлекеттік жол полиция инспекторы А.А.Серов кірді. Тексеру кезінде сигналдық маяктар, «Балалар» белгісінің болуы, мектеп автобусының техникалық жарамдылығын растайтын құжаттар тексерілді.
Әдіскер Сайфуллина Т.К.