Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойына форматқа көшірілді.
Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» үкіметтік емес ұйымы арасында atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісімге қол қойылды.
Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істейді және жаңа тәсіл арқылы көмек мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді, оның мақсаты мен ашықтығын қамтамасыз етеді:
- балаға оқу процесіне қажетті барлық заттармен көмектесу
- мұқтаждар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланыс
- әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың шынайылығын растау
- қаражаттың түсуін және пайдаланылуын онлайн бақылау.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мектептер «atamekenim» порталымен жұмысты жандандырды. «Атамекенім» порталында 2020 жылдың 11 тамызындағы жағдай бойынша 33 отбасынан 67 өтініш тіркелді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.