«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ-2020

12.06.2020

         Жарқайың ауданының мектептері ҰБТ-ны үш ағымда өткізеді. Бірінші ағым - 21 маусым, екінші ағым - 22 маусым, үшінші ағым - ағымдағы жылдың 23 маусымы. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтінім бергендер-62 түлек, оның ішінде 24-і мемлекеттік тілде, 38-і орыс тілінде. Тестілеу Есіл қаласының 798 ҰБТӨП-те өтеді. Тапсыру тәртібі бұрынғы күйінде қалады.

Тестілеу 5 пән бойынша (3 негізгі және 2 бейіндік) өткізіледі. Тапсырмалар саны 120, ең жоғары балл -140. Ағымдағы жылы тұлғаны тану арқылы тұлғаны сәйкестендіру (Fake ID) сияқты жаңашылдықтар енгізілді. ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, ағымдағы жылғы мектепті шетелде бітірген түлектер мектепті бітіргені туралы құжаттардың орнына өзі оқитын орта білім беру ұйымынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен еркін нысанда анықтама береді; 086-У медициналық анықтамасы электрондық форматқа ауыстырылды.

Шекті балл алмаған ҰБТ-ны жыл бойы тапсыруға мүмкіндігі бар.

ҰБТ электрондық сертификаттары мен грант беру туралы электрондық куәліктер бірыңғай базада орналасқан. Тыйым салынған заттар табылған жағдайда қатысушы тестілеуге жіберілмейді. ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізудің бейнежазба сараптамасының қорытындысы бойынша жойылуы мүмкін. Тест тапсыру орнында калькуляторлар беріледі. Тестілеу уақыты 4 сағатқа дейін артады. Сондай-ақ тестілеу қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындаумен өтетін болады.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст