«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Барлығы балалар үшін"

01.06.2020

Жаз еді хош иісі аңқып жатқан,

Жер сұлу қымбатты әсем алқа таққан.

Майысып қызғалдағы, талы үлпілдеп —

Өзен де күміс суын сылдыратқан.

 

 

2020 жылы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Барлығы балалар үшін" ұранымен іс-шара сырттай өткізілді. Іс - шараны өткізу бағдарламасында 6 сырттай байқау ұйымдастырылды: "Фотоколлаж" - тақырыбы: "Бақытты балалық шақ!", «Бақытты отбасы!» Осы байқауға 0-3 –ке дейін жас аралығында 55 бала қатысты. Сурет байқауы – Тақырыбы: «Көнілді алақандар», бұл байқауға 4-6-жасқа дейін 63 бала,

Қала макеті (қолда бар материалдан) Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам» байықауына 3-12 жасқа дейін 3 бала, Шығармашылқ нөмер: музыкалық сәлемдесуге 3-12 жасқа дейін; дефиле -43 бала; Балабақша мен шағын орталық оқушыларына арналған ертегі қойылымы 7 қатысушы қатысты; Жарқайың ауданы ұйымдарының қызметкерлеріне «Челлендж» тақырыбы:«Балалар - біздің болашағымыз!», 2 ұйым қатысты.  Белсенді қатысқан барлық балалар назардан тыс қалған жоқ. 2020 жылдың 1 маусымында Остров орта мектебі жанындағы "Бота" шағын орталығында, МКҚК "Балдырған" бөбекжай бақшасында сырттай байқауға қатысушылар марапатталды.». Суреттер. Күннің екінші жартысында қаланың орталық паркінде сырттай байқауға қатысушыларды қала макеті; музыкалық қонақ бөлмесі; ертегі қойылымы; "Челлендж"қойылымының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар 1 маусымда №7 түзету орталығы балалармен түрлі конкурстар, ойындар өткізді. Балалар ән айтып, би билеп, жұмбақтар шешіп, сайыстарға қатысты. Концерттік бағдарлама сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда концерттік бағдарлама, өз тәрбиеленушілеріне арналған ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, Жарқайың ауданының "Білім бөлімі" ММ, Жарқайың ауданының "Жастар ресурстық орталығы" КММ; Жарқайың ауданының "Ішкі саясат бөлімі" ММ; "Рассвет-М" ЖШС Хабиров Елшат Вагизович; "АСАТ - Құрылыс" ЖШС Тоғаев Нариман Карбаевич, Кишкимбаев Бақытжан Оразұлы осы іс-шараны өткізу үшін демеушілік көмек көрсеткені үшін атап өтпеуге болмайды.

 

Барлық балалар қуанышты, риза болды,жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен кетті. Мереке сәтті өтті!

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст