Текст
2020 жылдың 22 мамыр күні Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Б.Жусупов Жарқайың ауданына келді.
Державин қаласының білім бөлімінде білім бөлімінің басшылығымен кездесу өтті. Басшымен кездесу барысында қашықтықтан оқыту мәселелері және оқу жылын аяқтау бойынша іс-шаралар мәселесі қозғалды.
Сондай-ақ, сапар барысында Бейбіт Әйтімұлы Ақмола облысындағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша А.Үкібаев ат. ОМ жанындағы мектеп-интернаты және Н.Крупская атындағы орта мектеп ғимараттың ағымдық жөндеуі, А. Үкібаев атындағы орта мектебі- аумақтың қоршалуы жүргізілген ұйымдардың жобалық-сметалық құжаттамасымен танысты.