Балабақша - ғажайыптар әлемі!
Жарқайың ауданының Державин қаласында 18 мамырдан бастап барлық мектепке дейінгі мемлекеттік нысандар жұмыс істей бастады.Олар әзірше "кезекші режимінде" - бұл кезекші топтар жұмыс істейтін ата-аналардың балалары үшін ашылғанын білдіреді. Кезекші топтың толымдылығы - 15 баладан артық емес, сондай-ақ санталаптарды арттыру мақсатында ашылған. 19 мамыр күні ауданның барлық балабақша мекемелерінде мониторинг жүргізілді. Мектепке дейіңгі мекеме ұйымдары қазірдің өзінде дайын: ғимараттар дезинфекцияланды, дезинфекциялау құралдары мен қорғаныс құралдарымен жабдықталған. "Жарқайың аудандық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы" ММ өкілі Орынбасар Саттарқызы Балгина және "Білім бөлімі" ММ –нің өкілі Гүлжан Жұмабайқызы Исаевамен бірлесіп мониторинг жүргізді.