Текст
2020 жылдың 18 мамыр күні Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ-де он-лайн режимінде әдістемелік кеңес өтті. Кеңесте АӘО –меңгерушінің м.а.-З.А. Жұмағұлова, ИКТ бойынша әдіскері – А.Е. Сейтжанова, тәрбие ісі жөнінде әдіскері –Б.Ж. Исаева және психологиялық қызметі бойынша әдіскері – С.Р. Маржина сөз сөйледі.
Келесі мәселелер қаралды:
1. Аудан мектептеріндегі қорытынды аттестаттау.
2. Мектептің, ҰБДҚ және Kundelik сайттарының мониторингі
3. «Аққайың» ЖСЛ-де аудан мектеп оқушыларының жазғы демалысы
4. Карантин және демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша шараларды іске асыру алгоритмі