«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға байқау жариялайды

26.04.2024
Хабарландыру
 
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға байқау жариялайды.
 
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
 
Ғылыми-техникалық – 30 орын
 
Көркемдік-эстетикалық – 9 орын
 
Әлеуметтік-педагогикалық – 4 орын
 
Жаратылыстану – математикалық – 6 орын.
 
Байқауға қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылдың 08-12 сәуір аралығында қатысуы қажет, білім бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:
 
1) «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізу үшін білім беру бөлімі басшысының атына өтініш;
 
2) Бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш;
 
3) Заңды тұлға құрмай, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының (ереженің, құрылтай шартының) көшірмесі;
 
4) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе Ұйым пайдаланатын ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
 
5) Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру  бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, сағаттық жүктеме аптасына 4 сағат;
 
6) Тиiстi бейiн бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiптiк бiлiмi бар және студенттер мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, әдiстемелiк қамтамасыз етуде немесе оқуды ұйымдастыруда педагогтың кәсiби қызметiн жүзеге асыратын педагог қызметкерлердiң белгiленген стандарттағы бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерi; қызметі (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, оқытушы мен осы ұйым арасындағы еңбек шарты);
 
7) Штаттық кестенің көшірмесі, педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;
 
8) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығын растайтын хат;
 
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларының орналастыру тізбесі, бейнемұрағаттың 30 күннен кем емес сақталуын растайтын құжат;
 
10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өртке қарсы эвакуациялау жоспарының тізбесі;
 
Көрсетілген құжаттар нөмірленген, тігілген (прошнуровываются), ұйым басшысы қол қояды және мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен куәландырылады.
Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст