Текст
Ағымдағы жылдың наурыздың 12 күні Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында "Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру және дамыту тәсілдері ретінде көп деңгейлі және сараланған тапсырмаларды қолдану" семинар - коучингі өтті. "Педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші" біліктілік санаттары бар аудан мектептерінің педагогтары Гастелло ауылының мектеп оқушыларымен сабақ берді, шеберлік сыныптарын өткізді, тәжірибелерімен бөлісті, коучинг ұйымдастырды. Шағын орталықтардың, балабақшалардың тәрбиешілері қатысты. Аталған іс-шара Жарқайың ауданының білім бөлімінің жоспары аясында өткізілді.