«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жылдың үздік психологы»

11.03.2024

Республикалық конкурстың қорытындылары
Алматы қаласында 2024 жылдың 4-6 наурыз аралығында «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті.
Аталған байқау аудандық деңгейден бастап республикалық деңгейге дейін дәстүрге айналып келеді. Мұндай іс-шаралар талантты, шығармашылық жұмыс істейтін мамандарды анықтауға, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне жәрдемдесуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында мүмкіндік береді.
Байқауға республиканың 17 өңірі мен 3 қаласының психологтары қатысты. Байқаудың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Аслан Айтжанұлы Манатов I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Әріптесімізді республика деңгейіндегі лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған кәсіби табыстар, денсаулық пен бақ-береке тілейміз.

АББ әдіскері С.Маржина

Просмотров: 1826


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст