«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

23.01.2024

Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін  ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында, Жарқайың ауданы бойынша «Білім бөлімі» ММ 29 қараша күні «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық (онлайн) кезеңінде «А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беру  мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Гүлжанат Масақбайқызы Шығармашыл толқын» бағыты бойынша «Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы  шығармашылыққа  үйрету» тақырыбымен жұмысын ұсынған болатын. Арнайы құрылған комиссия тобының шешімімен Жүнісова Гүлжанат Масақбайқызы жүлделі бірінші орынға ие болып, облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңнен сүрінбей өтіп, Алматы қаласына республикалық кезеңге жолдама алды. «А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беру  мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Гүлжанат Масақбайқызы а.ж. 11 қаңтарындағы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық кезеңінде топты жарып жүлделі үшінші орынға ие болды. 
Жүлделі орныңыз құтты болсын! Шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 1295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст