Текст
А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебінде 19-20 желтоқсан күні Жарқайың ауданының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Жалпы ауданнан жаратылыстану-математикалық бағытында 50 оқушы және қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 55 оқушы қатысты.