Ақмола облысы білім басқармасының инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту жөніндегі жоспар-кестесінің негізінде-2023 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10.00-де «Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» базасында инклюзивті білім беруді қолдау Ресурстық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Инклюзивті білім беруді қолдау Ресурстық кабинетінің салтанатты ашылуына Жарқайың ауданының әкімі Ж.К. Хамитов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Жекебатырова, «Білім бөлімі» ММ басшысы Г.К. Нурпеисова, АББ әдіскерлері, мектеп педагогтары, ҚР ПИО мамандары, ата-аналар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар және ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде білім Басқармасының өкілдері қатысты..
Ресурстық кабинет - бұл мектептегі қосымша үй-жай, онда оқушылар негізгі оқу үдерісінен шықпай-ақ өздерінің ерекше жалпы білім беру қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады. Оның жұмыс істеуі жеке бағдарламалар негізінде Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу, оқыту және бұзушылықтарды түзету үшін арнайы жағдайлар жасауды көздейді. Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге ықпал ететін болады.