«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, орта білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларын бекіту туралы» еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып» (бұдан әрі-Қағида), 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.
14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін келеcі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;
4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесі.
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмелері (бар болса).
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленуі, мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшысы қол қоюы, мөрмен куәландырылуы және қағаз форматта Державин қаласының білім бөліміне Ленин көшесі 30 және электрондық форматта конкурсты ұйымдастырушының ресми электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс zharkainoo@aqmoedu.kz 2023 жылғы 6 қарашадан бастап (сағат 09-00) 2023 жылғы 24 қарашаға дейін (18-30 сағат.).
Конкурсты өткізу күні 24 қараша, сағат 10.00-де «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Державин қ. Ленин көшесі 30.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды.