Мұғалімдер жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосып, ұлттық және азаматтық құндылықтарды құрметтеуге баулиды.
Сондықтан, елімізде кәсіби мереке күнінде мұғалімдерді құрметтеу және үздіктерді марапаттау жақсы дәстүрге айналған.
Мұғалімдер күні қарсаңында, аудандық мәдениет үйінде білім беру қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты бөлім басталар алдында мәдениет үйінің фойесінде фотокөрме, сондай-ақ фото-аймақ ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға қатысқан Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Аудан әкімі, ауданның үздік педагогтеріне алғыс хаттар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің, Ақмола облысы білім басқармасының «Еңбек ардагері» медалін, Құрмет грамоталарын табыс етті.
Сонымен қатар, Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, Жарқайың ауданы білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Роза Сәдуақасова, педагогикалық еңбек ардагері Қарлығаш Жүсіпбекова, саланың үздік мамандарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Салтанатты шара жас мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне ант берумен және мерекелік концертпен аяқталды.