Текст
14-ші ақпан күні аудандық балалар шығармашылық үйінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» аудандық өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік жасау; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.