Жарқайың ауданында 21 мектеп,оның ішінде 10 орта және 11 негізгі мектеп жұмыс істейді. Ауданның 2 ауылдық мектебінде балаларды тасымалдау жүзеге асырылады: Уәлихан ОМ және Октябрьдің 50 жылдығы ат. ОМ. "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы аясында Жарқайың ауданының "Білім бөлімі" ММ келесі іс-шаралар әзірленді және өткізілді:
1. Балаларды тасымалдау мәселесі талқыланды:
Уәлихан орта мектебіне Достық ауылынан УАЗ 22069 маркалы автокөлігімен 12 бала тасымалданады. Ауылдан мектепке дейінгі қашықтық - 2,2 км. Көліктің шығарылған жылы -2005. Орындар - 11. Жеткізу 2 ауысымда жүзеге асырылады. Бюджет қаражатынан 1189,0 мың теңге, оның ішінде -365 мың теңге жанар-жағар майға, 824 мың теңге жүргізушінің еңбекақысына бөлінді. Шаруашылық субъектілері демеушілік көмек көрсетеді: "Ақ бидай" ЖШС - Сағымбаев, "Сұңқар" ш/қ - Шкурупий жетекшісі.
Октябрьдің 50 жылдығы ат. орта мектебіне Донской ауылынан ГАЗ-322132 маркалы автокөлігімен 19 бала тасымалданады. Ауылдан мектепке дейінгі қашықтық - -3,2 км. Көліктің шығарылған жылы – 2011. Орындар -12. Тасымалдау 1 ауысымда, 4 рейс жүзеге асырылады. Бюджет қаражатынан 1189,0 мың теңге, оның ішінде -365 мың теңге жанар-жағар майға, 824 мың теңге жүргізушінің еңбекақысына бөлінді. А/көліктің күрделі жөндеуі 2019 жылы техникалық қызмет көрсету орталығында ВТN -да жүргізілді.
Державин қаласы шегінде А. Үкібаев атындағы ОМ және Н.Крупская атындағы ОМ оқушылары тегін көлікпен қамтамасыз етілген.
Крупская атындағы ОМ Паз 320370 маркалы автокөлігімен қызмет көрсетіледі. Шығарылған жылы-2018. Орын саны - 21. Күніне 6 рейс жүзеге асырылады.
А.Үкібаев ат.ОМ ПАЗ 332053 маркалы автокөлігімен қызмет көрсетіледі. Шығарылған жылы -2013. Орын саны– 25. Күніне 7 рейс жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық көліктер жарқылдауық маяктарымен, "Балалар" тақтайшасымен, дәрі-дәрмек қобдишасымен, өрт сөндіргішпен жабдықталған.
Көлік құралдарының жағдайын техникалық талаптарға сәйкестігін зерттеу мақсатында Жарқайың АІІБ өкілдерінің, АП бастығы майор Т.Өтегенов пен ГДТИ аға инспекторы, полиция капитаны А.Серовтың қатысуымен рейд өткізілді Инспекция, жүргізушінің құжаттары, сақтандыру полисі талаптарға сай, рульде тәртіп сақталады.
Мектепке кіретін жолдардың қауіпсіздігі талаптарға жауап береді: аумақ жарықтандырылған, жолдың жасанды бұзылыстары жасалынған, 3 мектептің кіреберіс жолдарына сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.Уәлиханов атындағы орта мектепте сыртқы бейнебақылау камерасы сатып алынған, бірақ орнатылмаған. Орнатуға бюджеттен 90 мың теңге бөлінді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектептер апта сайын оқушыларға және балаларды тасымалдауға жауапты мұғалімдерге жүргізушілерді оқытуды ұйымдастырады. Нұсқаулық Журналы жүргізіледі. "Қауіпсіз мектеп автобусы"акциясы өткізілді. Барлық сынып жетекшілер "автобустағы тәртіп ережелері"бойынша нұсқаулық өткізді. ҚТ журналдарында оқушылар өз қолдарын қалдырды. 5-11 сынып оқушылары арасында әңгімелесу өткізілді. Бастауыш мектепте "Абайлаңыз, автобус", "автобустағы жолаушының ережесі", "қоғамдық көлікте жүру ережесі"сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылармен әңгіме жүргізілді, қоғамдық көліктерде жол берілмейтін тәртіп туралы жағдайлар ойнатылды, автобуста өзін қалай ұстау керектігі туралы бейнебаян көрсетілді. Бұдан басқа, оқушылардың жүріс-тұрысын автобуста кезекші мұғалімдер мен әкімшілік қадағалайды. Мектептерде әкімшілік кезекшілердің кестесін құрастырды,олар отырғызуды және автобуста өзін-өзі ұстау ережелерін қадағалайды.
Жарқайың аудандық мәслихатына ағымдағы жылы Уәлихан орта мектебіне шағын автобус сатып алуға 9,000 мың теңге сомасында қаражат бөлу туралы мәселені қарауға өтінім берілді.