Текст
2020 жылдың 11-ші ақпан күні ауданымызда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектеп білім алушылары арасында олимпиада өтті. Бақталасты АББ ұйымдастырды. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар берілген тақырып бойынша, солардың біреуін таңдап, эссе жазған болатын. Ал екінші кезең екі айналымнан құрылды. Біріншісінде – қатысушылар теориялық тест тапсырмаларын орындады, ал келесіде олар «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында жобаларын қорғады.