Текст
Директорлардың оқу ісінің орынбасарлары, мектепке дейінгі және қосымша білім беру әдіскерлерінің қатысуымен «Педагогтерді аттестаттаудың егжей-тегжейлі талдауы"атты аудандық семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар аттестаттаудың проблемалық мәселелері бойынша сауалнаманы толтырды, шешім жолдарын көрсетті, Сараптамалық кеңес мүшелерін тыңдады, тәжірибе алмасты, педагогтерді аттестаттау ережелерінің маңызды тұстарын талқылады. Білім беру ұйымдарының алдына педагогтердің сапалық құрамын арттыру бойынша жаңа міндеттер қойылып, ұсыныстар берілді.