02.05.2023
2023 жылдың 28 сәуірінде «Ақмола облысының білім бөлімінің үздік әдістемелік кабинеті» облыстық байқауының екінші кезеңі өтті. Бұл байқаудың мақсаты әдістемелік қызметтің жұмысын белсендіру, аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату болды.
Конкурс онлайн режимде өтті, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ қатысты. Әдістемелік орталықтың меңгерушісі мен әдіскерлері өз бағыттары бойынша жұмыстарды, мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін көрсетті.