02.05.2023
9-11 сыныптар арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық кезең
2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында Көкшетау қаласында 9-11 сыныптар арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Аталған олимпиадада Ақмола облысының намысын Жарқайың ауданының қатысушысы Крупская атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Чегодаев Ярослав қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ярослав орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3 орын алды.
Чегодаев Ярослав пен Крупская атындағы ОМ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Любченко Любовь Юрьевнаны жеңісімен құттықтаймыз!!!