11.04.2023
2023 жылдың 3 сәуірі мен 7 сәуірі аралығында «ББЖМ-нің қиын мәселелері» тақырыбында онкүндік өтуде, онкүндік барысында аудан мұғалімдері келесі пәндер бойынша шебер сыныптарын көрсетеді: математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі.
3 сәуір күні «Державин қ. Н.Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында үш шебер сыныбы өтті:
1. «9-сынып оқушыларына арналған физика пәнінен тапсырмаларды өңдеу және ББЖМ-ға дайындау» «Державин қ. Н.Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Г.Б. Сексембаева жүргізді;
2. «Биология пәні бойынша ББЖМ және емтихандарға білім алушыларды даярлау әдістері» «Пригородное а. Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі - Аяпбергенова С.А.;
3. «STEM тәсілдерін қолдана отырып, химия бойынша ББЖМ тапсырмаларын пысықтау тәжірибесі» - «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі Ж.Т. Мынбаева..
Шебер-сыныптың мақсаты - кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі жүзеге асыру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің өсуін ынталандыру үшін жағдай жасау;
Мұғалімдерге арналған шебер-сынып міндеттері:
* педагогтердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;
* озық педагогикалық тәжірибені тарату;
* оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын енгізу.