Текст
2023 жылдың 31 наурызында Н.Крупская атындағы ОМ базасында «Мықты мұғалім-әлсіз оқушы» өзара іс-қимылы» онкүндігіне орайластырылған мектеп психологтарына арналған «Білім сапасы төмен білім алушыларды психологиялық қолдау» атты вебинар өтті. Іс-шарада психологиялық теория мәселелерін талқылау практикалық тәжірибені ұсынумен ұштастырылды. Барлық қатысушылардың тек талқылауға ғана емес, сонымен қатар жаттығуларға да қатысуға мүмкіндігі болды.