Текст
2020 жылдың 20 қаңтарында аудандық білім бөлімінде Жарқайың ауданының білім беру ұйымдарының мұғалімдері - психологтары үшін әдістемелік сабақ өткізілді. Іс-шараға 19 адам қатысты. Бұл іс-шараға Жарқайың ауданының білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмыс істеуіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және олардың қызметі мен тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аудан мектептерінің педагог-психологтары бірқатар мәселелерді түсіндірді, атап айтқанда психологиялық диагностиканың бірыңғай тәсілдері, диагностиканы өткізудің этикалық нормалары, диагностикалық құрал-саймандарға қойылатын талаптарды сақтау, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттар тізбесі қарастырылды және ұсынылды.