ҚР оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе облысының білім Басқармасымен бірлесіп 28-29 наурызда математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасын өткізді, оған біздің «Державин қ. А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі – Дамер Болатбек қатысты.
Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен 93 мұғалім қатысты, онда 4 адамнан тұратын Ақмола облысының математика мұғалімдерінің командасы 23-тен 11-орынға ие болды. Біздің ұстазымыз Дамер Болатбек Қазақстанның үздік 10 математика пәні мұғалімінің қатарына енді! Жеке нәтижесімен 7 орынға ие болып, олимпиадаға қатысқаны және көрсеткен шеберлігі үшін мақтау қағазын алды.