01.04.2023
15 наурызда Державин қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім беру ұйымының логопедтері, дефектологтары мен педагог - психологтары арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».
Кездесу қорытындысы бойынша мамандар даму ерекшеліктері бар балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету процесінде күш-жігерді біріктіру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.