«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

14.03.2023
2023 жылғы 9 наурызда Көкшетау қаласының «Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы» КММ орта мектебінің базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: математика мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру. Облыстық кезеңге барлығы 19 педагог қатысты. Олимпиада 4 турдан өткізілді, әр тур үш тапсырманың жазбаша шешімін ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша «Державин қаласының А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі - Дамер Болатбек 1 орын алды. Біздің мұғалім 2023 жылдың 28-29 наурызында Ақтөбе қаласының «Шығармашылық академиясы» базасында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін Ақмола облысының мұғалімдер командасына кірді.
Просмотров: 167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст