06.03.2023
2023 жылдың 2 наурызында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. 21 мектептің 13 мұғалімі қатысты.
Бұл олимпиаданың мақсаты-мұғалімдердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру.
Олимпиада төрт турдан тұрды, әр тур үш тапсырманың жазбаша шешімін ұсынады. Бірінші есеп алгебраға немесе математикалық талдаудың негіздеріне қатысты, екіншісі геометриялық, үшіншісі логикалық, комбинаторлық немесе «сандық». Олимпиадаға 70 астрономиялық минут бөлінді.
Аудандық кезеңнің нәтижелері бойынша облыстық кезеңге «А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Болатбек Дамер қатысады.