«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жылдың үздік психологы" республикалық байқауы

06.03.2023
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында "Shera Inn Hotel" кешенінің базасында "Жылдың үздік психологы"республикалық конкурсын өткізді. Осындай атаумен байқау аудандық деңгейден бастап республикалық деңгейге дейін дәстүрге айналуда. Мұндай іс-шаралар дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандарды анықтауға, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологтардың озық тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында мүмкіндік береді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Отрадное ауылының негізгі орта мектебінің педагог - психологы Жанар Тасболатқызы Мыңбаева II дәрежелі дипломмен марапатталды. Әріптесімізді республика деңгейіндегі лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған одан әрі кәсіби табыс, денсаулық және амандық тілейміз.
АББ әдіскері С. Маржина
Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст