«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіповтың қатысуымен Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі кеңесінің кеңейтілген отырысы

13.02.2023

2023 жылы 9 ақпан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің 2022 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» баршаға сапалы білім бер» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023 жылға арналған міндеттер айтылды.

Алқа отырысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.АЖүсіпов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.Жекебатырова, білім бөлімінің әдіскерлері, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Кеңес жұмысы барысында Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің

 «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында  Жарқайың ауданының білім беру жүйесінің 2022 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында негізгі баяндамамен білім бөлімінің басшысы Г.Нурпеисова сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар «Аудандық әдістемелік кабинетінің жұмысын талдау» /З. Жумагулова.

Білім берудің кешенді мәселелері – білім сапасы, мектептерді жаңғырту және жайлы, қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз ету, балаларды қосымша және мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша қорытындылар жасалды. Білім беруді дамыту тұжырымдамасын және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға міндеттер қойылды»..
Кеңес қорытындысы бойынша-Б. Жүсіпов барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст