Текст
2023 жылғы 31 қаңтарда «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспары негізінде кітапхана қорына жетекшілік ететін АББ әдіскері Г.Ж. Исаева аудандық деңгейде «Поэтикалық парақтар желкені» атты конкурс өткізді. Бұл байқауға орта буын мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылардың саны-31. Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушыларының оқырмандық ой-өрісін кеңейту, дарынды балаларды анықтау.