«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шебер-сынып

11.01.2023

«Державин қ. Н.Крупская ат.жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында  06 қаңтар 2023 жылы «STEAM-ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ» шебер сынып аясында Шеврон компаниясының қаржылық қолдауымен Caravan of Knowledge жүзеге асыратын Jana Talap жобасы аясында өткізіліп, ауданның Жаратылыстану-ғылыми бағыт және бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды.

Шебер-сыныбы аудан педагогтарын оқыту үшін келесі мақсаттармен өткізілді:

-білім беру ортасында ЅТЕАМ-оқыту бойынша білімді құрылымдау;

- STEAM сауаттылығын тиімді оқыту мен оқытудың әдістерін, принциптері мен стратегияларын меңгеру;

- өз мектебінде STEAM оқыту тәжірибесін ойлауға және сыни тұрғыдан талдауға мотивация.

Шебер-сыныпта қатысушылар үш ЅТЕАМ білім беру модулі туралы білді, атап айтқанда 5 Е бағыты, инженерлік дизайн және PBL. Олар «5Е бағыт әдістемесі» модульдерінің бірі бойынша теориялық және практикалық материалдарды пысықтады. Жұптар мен шағын-топтарда жұмыс істеу нәтижесінде мұғалімдер өздерінің шағын-сабақ идеяларын ұсынды, барлығына қызықты болды және тәжірибе алмасу, практикалық дағдыларды пысықтау, ынтымақтастық, шығармашылық идеялар мен түсініктер жасау үшін осындай іс-шаралар қажет екеніне келісті.

Біздің STEAM - білім беру жолымыз басталды, бізді алда көптеген жаңа, қызықты және шығармашылық іс-шаралар күтіп тұр!

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст