6 қаңтарда әдістемелік кеңестің отырысы өткізіліп, онда 4 мәселе қаралды:
Бірінші мәселе бойынша аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі З.А. Жумагулова сөз сөйледі, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа ережелерімен таныстырды, сондай – ақ басқа аудан мектептерін аттестаттаудың комиссия құрамына қатысқан директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары К.К. Жунусова және А.З. Мукамажитов өз тәжірибелерімен бөлісті.
Екінші мәселе бойынша «Абай ат. Пригородное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Уәлиханов а. жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Тасты-Талды а. жалпы білім беретін мектебі» КММ директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мектеп әдістемелік бірлестігінің тиімділігіне талдау жасады.
Үшінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Хасенова сөз сөйлеп, әріптестерін «Балапан» шағын орталығының әдістемелік жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды.