Текст
13 желтоқсан күні Тасты-Талды ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік өтті. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың бойында азаматтық және патриоттық негіздерін қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халық дәстүрлеріне құрмет көрсету болып табылады. Мереке барысында балалар орындайтын өлеңдер, әндер, ойындар мен билер мектеп жасына дейінгі балаларға достық, сезімталдық, өзара көмек көрсету, ел өміріне қатыстылық сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.